Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана уақытымен таңғы 7:15-те жер асты дүмпуі байқалған. Зілзала ошағы Алматыдан 160 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Жетісу облысындағы Сарыөзек ауылында сілкініс күші 2 баллға дейін сезілген.
Қазақстанның ТЖМ мәліметінше, қазірге дейін зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.