Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүйінші, ағайын! Еділ Жаңбыршин бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Қоғам
Сүйінші, ағайын! Еділ Жаңбыршин бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
Youtube/Нартай Аралбайұлы. Суретте: Еділ Жаңбыршин

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде ЛГБТ насихатына тыйым салу нормаларының заңды түрде қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл өзгерістер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

"Айттық, әзірледік, қабылдадық! "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының екінші оқылымында,  педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу нормаларының авторы ретінде процедураға сәйес сөз сөйледім. Өйткені кейбір халықаралық ұйымдар мен белсенділер бұл норманы заң жобасынан алып тастау керек, бұл нормалар "адам құқығын шектейді" деп мәлімдеме жасап жүр. ЛГБТ-ны насихатауды заңмен тиым салу адам құқығын шектемейді, халқымыздың, оның ішінде балаларымыздың рухани-моральдық иммунитетін күшейтеді. Осы мәселені айттық, норманы әзірледік, заңды қабылдадық!" – деп жазды Еділ Жаңбыршин.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу