Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сұмдық жағдай! Ер адам кобрамен бәстесіп, 56 мың теңге үшін жанын қиған

Әлем
Сұмдық жағдай! Ер адам кобрамен бәстесіп, 56 мың теңге үшін жанын қиған
pixabay.com

Үндістанның Сахаранпур қаласында 34 жастағы шөп сатушы Сикандар Нат кобра шаққаннан кейін қаза тапты. Ер адам өзін тістеуге әдейі рұқсат беріп, 10 мың рупийге (шамамен 56 мың теңге) бәстескен, деп хабарлайды Malim.kz.

Bhaskar English басылымының жазуынша, Сикандар өз емдік шөптері жылан уын бейтараптайды деп сендірген. Осыны дәлелдеуді сұраған бір топ ер адам оған кобраның өзін шағуына рұқсат беруді ұсынған. Саудагер қолын созып, жыланға саусағын шағуға мүмкіндік береді. Бірақ көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлаған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жанында болған ер адамдар оны ауруханаға апартқызбай, өздерін "үкіметтің құтқару тобының мүшелеріміз" деп таныстырған.

Қайғылы оқиға 10-11 қарашада болған, алайда бұл жағдай бір ай өткен соң ғана белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу