Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шығыс Қазақстанда бір мектеп қашықтықтан оқитын болды

Қоғам
Шығыс Қазақстанда бір мектеп қашықтықтан оқитын болды
Оқу-ағарту министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқиды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform агенттігіне сілтеп. 

Бұған жел екпінің 35 метрге дейін күшеюі себеп.

Күршім ауданы білім бөлімінің мәліметінше, бүгін 1–11 сыныптардың сабақтары мына білім беру мекемелерінде онлайн өтеді: Қаратоғай орта мектебі, Ақший бастауыш мектебі–балабақшасы, Қойтас жалпы білім беретін мектебі, Алғабас орта мектебі, Қыстау–Күршім жалпы білім беретін мектебі, Ақсуат жалпы білім беретін мектебі, Жолнұсқау жалпы білім беретін мектебі және Монуқой жалпы білім беретін мектебі.

Ауданда ауа райы тұрақтанғаннан кейін оқу қалыпты режимге қайта көшетіні айтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу