Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент жоғалған 74 жастағы кейуана аман табылды

Оқиға
Шымкент жоғалған 74 жастағы кейуана аман табылды

ТЖМ құтқарушылары жоғалған кейуананы тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Кеше күндіз 1951 жылы туған әйел адам Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнар бұлақ тұрғын алабынан белгісіз бағытқа шығып, оралмаған. Жақындары таңертең 112 қызметіне жүгінген.

"Шақырту орнына құрамында 2 кинологиялық жасағы бар іздестіру тобы шықты. Үш сағаттан кейін жоғалған әйел елді мекеннен 4 шақырым жерде табылды. Кейуана біраз қалжырағанмен, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ қарттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу