Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте мектеп бухгалтері екі жылда өз шотына 64 млн теңге аударған

Қоғам
Шымкентте мектеп бухгалтері екі жылда өз шотына 64 млн теңге аударған

Шымкентте мектептің бас бухгалтері 64 миллионнан астам теңгені жымқырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Бас есепшіге қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (Бөтеннің сеніп тапсырған аса ірі мөлшердегі мүлкін иелену және талан-таражға салу) айып тағылды.

Сот материалдарындағы мәліметке сүйенсек, сотталушы мектептің бас есепшісі лауазымын атқарып жүріп, 2021-2023 жылдар аралығында белгіленген еңбекақы сомасынан артық мөлшердегі қаражатты өзінің шотына аударып отырған. Осылайша ол  өзіне сеніп тапсырылған 64 295 513 теңге, яғни аса ірі мөлшердегі мемлекеттің ақшасын жымқырған. Қазіргі таңда келтірілген шығын өтелмеген.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Ол өз кінәсін мойындаған.

"Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сотталушы  өмір бойына мемлекеттік қызметте атқару құқығынан айырылды", - делінген қалалық сот мәліметінде.

Үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу