Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

Оқиға
Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген адам қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

"А" есімді ер адам пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берді. Нәтижесінде пәтерде газ ағып, пәтерді жалға алушы "Б" көмірқышқыл газымен улану салдарынан қайтыс болды.

18 сәуірде Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пәтер иесін ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір адамның жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады.

Фото: pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу