Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Спорт
Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен (2020 жылғы 24 қарашадағы №456) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын.

Осыған орай, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінде қызу жұмыстар атқарылуда.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссиясының жұмысшы топ мүшелері тарихшы Гүлнар Жанысбекова және "Рухани жаңғыру" бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева "Түркістан өлкесіндегі саяси қуғын-сүргіннің сипаты мен ерекшеліктері" 1920-1935 жж. аралығы тақырыбында мағлұматтарды зерделеп, материал жинақтауда.

Айта кетейік, елімізде мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы жобалық офис құрылған, оның құрамына тарихшы- ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Комиссия қызметінің барлық бағыттарын жан-жақты қамту үшін жергілікті жерлерде де жұмыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбандарының санатына сәйкес тақырыптық жоспарлар мен белгілі бір әдістемелер аясында жүзеге асыруда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу