Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Оқиға
Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау) және 296-бабының 1-бөлігі (адамдарды террористік не экстремистік әрекеттерге тарту, қаруландыру не дайындау) бойынша кінәлі деп танылып, жазаға тартылған.

"2024 жылғы қыркүйекте Шымкентте азамат "С" WhatsApp мессенджері арқылы танысы, азаматша "Т"-ға зорлық-зомбылыққа үндейтін және халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын түсіндіретін материалдар жіберген. Бұл ұйым қарулы жиһад идеясын насихаттайды. Сонымен қатар, ол Сириядағы террористік топтарға қосылуға үгіттеген", – делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы хабарлағандай, осындай қылмыстар үшін 2023 жылы 10 адам сотталған.

Прокуратура мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу көзделгенін ескертеді.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу