Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам көз жұмды

Оқиға
Шымкентте тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам көз жұмды

17 желтоқсанда таңғы сағат 05:47-де Шымкент қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.

Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан түтінге уланған үш адам — 2000, 2001 және 2024 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнынан 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды.

Өрт 06:44-те оқшауланып, 06:59-да толық сөндірілді.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, өрттің шығу себептерін анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығы істі бақылауға алды.

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу