Шымкентте Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Құрылыс алаңында 54 жастағы жұмысшы көз жұмды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адам құрылыс жұмыстары кезінде экскаватордың доңғалағының астына түсіп қалған. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.