Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкенттік жұмысшы бесінші қабаттан құлап қаза тапты

Оқиға
Шымкенттік жұмысшы бесінші қабаттан  құлап қаза тапты

Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағынан сол жерде жұмыс істеп жүрген 24 жастағы Үмітжан Балтабаевтың мәйіті табылды. Туыстарының айтуынша, бесінші қабаттан құлаған жігіттің өліміне құрылыс компаниясының қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болған. Бұл оқиға туралы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.  


Үмітжан Балтабаевтың анасы Фатима Ибрагимова ұлының қазасына әлі де сене алар емес. Оның сөзінше, Үмітжан сол күні таңертең жұмысқа көңілді кеткен, алайда арада екі-ақ сағат өткенде қаралы хабар жеткен.

«Өз қолыммен жұмысқа шығарып салдым. Екі сағаттан кейін "балаң қайтыс болды" деп хабар берді. Бесінші қабаттан құлапты дейді. Бірақ қалай, қай жерден құлады – нақтысын ешкім түсіндірмеді. Мен соны білгім келеді», – дейді Фатима Ибрагимова.

Жас жігітпен бірге нәпақа тауып жүрген достарының айтуынша, құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

Лестница жаққа кетіп бара жатқанда ашық лифтовойдан аяқ киімін көріп қалдым. Жақындап барсам, Үмітжан сол жерде жатыр екен. Техника қауіпсіздігі мүлде сақталмаған. Басқа нысандарда барлық проёмдар жабық болады, бұл жерде ешқандай қоршау жоқ, – дейді жігіттің досы Азизбек Закиров.

Құрылыс компаниясының өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Ал қаралы отбасы тергеудің жүргізілуіне күмән келтіріп отыр.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде, мән-жайлар анықталған соң процессуалдық шешім қабылданады», – дейді Шымкент қаласының полиция департаменті.

Үмітжан Балтабаев – төрт ұлдың үлкені, әкесінен ерте айырылған соң отбасына сүйеу болып келген. Жігіт жуырда үйленуді де жоспарлап жүрген екен. Оның қазасы отбасы үшін орны толмас қайғыға айналды.

Фотоколлаж: qaz365.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу