Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Саясат
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жексенбіге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады. Мамандардың бағалауынша, бұл - бұрын-соңды болмаған оқиға.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу