Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

Оқиға
Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

Талдықорғанда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Талдықорғандағы құрылыс алаңында мұнаралы кранның кабинасы отқа оранды.  Онда адамдар болған. Оқиға Құлагер ықшамауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында тіркелді.

Куәгерлер түсірген видеода екі адамның өртеніп жатқан кабина астынан оттан қашып құтылғаны көрінеді.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, өртсөндірушілер келгенге дейін өрт өшірілген. Бірақ құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін қайта тұтану қаупін болдырмау үшін өрт ошағын толық сөндірген.

"Өрт аумағы шамамен екі шаршы метр болды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу