Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерді ұрып-соқты

Оқиға
Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерді ұрып-соқты

Талдықорғанда жасөспірімнің зейнеткерді соққыға жыққанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған құқықбұзушы заңды өкілінің кепілдігіне берілді», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ жасөспірімді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жасөспірімді профилактикалық есепке қою туралы ұсыныс енгізді.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу