Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тараздың бір көшесіне Тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді

Оқиға
Тараздың бір көшесіне Тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді
видеодан скрин

Таразда көшелердің біріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді. Суретші ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап жазды.

Тарихи тұлғаның атын көшеге беру мәселесін қоғам белсенділері бірнеше жыл бойы көтеріп, табандылықпен талап етті. Бұл оңай шешім болмағанымен, атқарылған еңбек өз нәтижесін берді. 

Енді қаланың бір бөлігі ресми түрде Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторының атымен аталады. Тәуелсіздік жылдары ұсынылған 1200-ден астам нұсқаның ішінен Шәкен Ниязбеков әзірлеген ту үлгісі үздік деп танылып, бүгінде 33 жыл бойы пайдаланылып келеді.

Сондай-ақ таяуда Шәкен Ниязбековтің есімі қаладағы мектеп-гимназияға да ресми түрде берілмек. Қазірдің өзінде аталған білім ордасының ең көрнекті әрі құрметті тұсына суретшінің бюсті орнатылған.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың айтуынша, бұл бастаманың тәрбиелік мәні зор.

"Бұл бюстің дәл осы мектепте ашылуы символдық мәнге ие. Себебі дәл осы жерде өсіп келе жатқан жас ұрпақ патриоттық тәрбие алып, жерлесімізді әрдайым құрметпен еске алады", – деді депутат. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу