Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ташкентте бес елдің президенті кездесті

Саясат
Ташкентте бес елдің президенті кездесті
Фото: Ақорда

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды.

Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды. 

Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі. 

Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу