Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тасқын су: Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды

Қоғам
Тасқын су: Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды

Көкшетау қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты, яғни Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі шамадан тыс көтерілуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық туғызды. Жағдайды тұрақтандыру үшін Төтенше жағдай енгізілді. Соның шеңберінде келтірілген шығын көлемі анықталып, комиссия арқылы материалдық көмек мәселесі шешілетін болады, - деді қала әкімі Бауыржан Ғайса.

Су тасқынынан келтірілген залалдарды жою бойынша жедел штаб құрылды.

Су басқан аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 100 жуық адам арнайы дайындалған орындарға орналастырылды. Жерлестеріме жағдайды түсінгеніңіз үшін және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын, - деді қала әкімі Бауыржан Ғайса.

Су тасқынынан зардап шеккендер көкшетаулық 8775 666 99 08 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу