Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тегін дөнерге таласқан жұрт тапталып қала жаздады

Қоғам
Тегін дөнерге таласқан жұрт тапталып қала жаздады

Елордада жеке кәсіпкер тегін 1000 дөнер тарататынын айтып жарнама жасаған. Ал көпшілік оған ағылып келген.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан байқасақ, тегін дөнер жегісі келген тұрғындардың қарасы көп.

Сондай-ақ, кадрдан адамдардың бір-бірін итеріп, баса көктеп алға ұмтылып жатқанын байқауға болады. 

«25 қыркүйекте дәмхананың ашылуына орай жеңілдікпен дөнерге талон алуға халық көп жиналған. Жағдайды реттеу және соқтығыстың алдын алу мақсатында оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері барды. Полицейлер іс-шараны ұйымдастырушыларды анықтады. Бұл факт бойынша жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деген хабар алдық қалалық полиция департаментінен. 

Айта кетсек, халықтың топырлауына жол берген кәсіп иесіне 73 840 теңге айыппұл салды. 

Фото: видеодан алынған кадр  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу