Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теміртауда алты жасар бала терезеден құлады

Қоғам
Теміртауда алты жасар бала терезеден құлады

Теміртауда ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Бала түрлі жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Денсаулығына қатысты басқа ақпарат жарияланбаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мыналарды ескертеді:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!

Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!

Ешқашан москит торларын қолданбаңыз – балалар оларға сүйеніп құлайды!

Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алыстатыңыз!

Фото: janalyq.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу