Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теміртауда ашыққан иттер қожайындарының етін жеген

Оқиға
Теміртауда ашыққан иттер қожайындарының етін жеген

Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды. Олардың етін үйде аш қалған иттері жеп тастаған.


Бұл туралы «Вечерняя Караганда» басылымы хабарлады.

Бір әйел мен екі ер адамның мәйітін көршілерінің шақыртуымен келген полицейлер мен өрт сөндірушілер тапты. Көршілері пәтерден шыққан жағымсыз иіске шағымданған.

Есікті бұзып ашып кірген құтқарушыларға питбул иттер тап беріпті. Кинологтар иттерді ұстап алған соң, полиция ішке кіріп, үш адамның мәйітін тапқан. Аш иттердің мәйіттің етін жегені анықталып отыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті үш адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Мәйіттерден зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Үш адамның  өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген полицияның ресми ақпаратында.

Фото: animals.pibig.info

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу