Владимир Путин Ресейде жаңа мобилизация жариялауды әзірге жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұл Украинадағы соғыс кезінде адам тапшылығы мен шығындардың өсуіне қарамастан болып отыр.
Мәскеу жаппай мәжбүрлі әскерге шақырудың орнына өңірлерге қысымды күшейтіп, 2026 жылдың соңына дейін 409 мың келісімшарт бойынша әскери қызметшіні тарту жоспарын орындауға тырысуда.
The Guardian басылымының мәліметінше, Ресейде жаңа мәжбүрлі мобилизацияға дайындық белгілері әзірге байқалмайды. Сонымен қатар Ресей басшылығы Украинадағы өз Конституциясына енгізген төрт өңірге толық бақылау орнату талабынан бас тартпаған.