Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тиктокта лоторея ұйымдастырған блогер айыппұл арқалады

Құқық
Тиктокта лоторея ұйымдастырған блогер айыппұл арқалады

Түркістан облысында заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кентау қалалық соты лоторея ойынын ұйымдастырған азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

Соттың мәліметінше, жергілікті тұрғын 2024 жылдың маусым айында TikTok әлеуметтік желісі арқылы арнайы билеттерді сату арқылы автокөліктің ұтыс ойынын өткізген. Билеттерді сату Kaspi.kz банк қосымшасы арқылы ақша аударымдары арқылы іске асырылған.

Сот ұтыс ойынын ұйымдастырған азаматты кінәлі деп тапты.

Сот қаулысымен азамат Н. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Фото: sportishka.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу