freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төлегеннің ақбозатындай: Ұлытаулықтар Меруерт Өтекешоваға сәйгүлік сыйлады

Оқиға
Төлегеннің ақбозатындай: Ұлытаулықтар Меруерт Өтекешоваға сәйгүлік сыйлады
instagram.com/omirzhankop

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында өткен “Арқа аруы” республикалық байқауында қазақ киносының аңызы, “Қыз Жібек” фильмі арқылы халықтың жүрегінен орын алған актриса Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетілді. Бұл туралы  Malim.kz. Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Кештің құрметті қонағы болған өнер иесіне Жаңаарқа жұрты ел атынан ақ боз ат мінгізді. Сыйды белгілі азамат Аманжол Алтай табыстап, көпшілік актрисаға деген ыстық ықыласын білдірді.

Іс-шараға Жаңаарқадан шыққан азаматтар жиналған. Ішінде Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да бар.

Айта кетейік, Меруерт Өтекешова – қазақ киносы тарихындағы ең жарқын бейнелердің бірін сомдаған тұлға. Оның “Қыз Жібек” фильміндегі рөлі бірнеше буын көрерменнің жүрегінде сақталып, ұлттық кино өнерінің символына айналды.

Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешовамен кездесіп, актрисаға пәтер сыйлағаны хабарланған еді. Сондай-ақ продюсер актрисаға ерекше құрмет көрсетіп, оған тарихи қамзол, эксклюзив зергерлік бұйымдар және уәде еткен тонын табыстады.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу