Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Алматы облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Саясат
Тоқаев Алматы облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.

Марат Сұлтанғазиев соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты. Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайызды құрады. Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Президентке биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте экспорттың 90 пайызы жоғары деңгейде қайта өңделген өнімге тиесілі.

Мемлекет басшысына Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екені айтылды: яғни бір теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.

Сонымен қатар Президентке Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысы таныстырылды. Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу