freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев әскерге баруға міндетті жастар үшін маңызды жарлыққа қол қойды

Қоғам
Тоқаев әскерге баруға міндетті жастар үшін маңызды жарлыққа қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында елімізде әскерге шақыру науқаны жүргізіледі. Сонымен қатар осы кезеңдерде қызмет мерзімін өтеген сарбаздар запасқа шығарылады.

Жарлыққа сай:

  • Қазақстан Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы әскери қызметшілер белгіленген мерзімін өтеген соң запасқа шығарылады;
  • 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар әскерге шақырылады;
  • жергілікті атқарушы органдар шақыру науқанын ұйымдастыруға және оның өткізілуіне жауапты болады;
  • Үкімет, ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі шақырылған азаматтарды әскери қызметке жіберу және запасқа шығару процесін қаржылық әрі материалдық жағынан қамтамасыз етеді.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланғаны хабарланған еді. Бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын күшейтуге және дайын резерв қалыптастыруға бағытталған.

Үкімет қаулысына сәйкес, олардың ішінде 700 офицер Қарулы күштерге, 80-і Шекара қызметіне, 64-і Ұлттық ұланға, ал 15-і Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу