Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

Спорт
Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.
Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде титулдарын қорғады. Жәнібектің қарсыласы Франциядан келген, IBF рейтингінде 7-орында тұрған Анауэль Нгамиссен болды. Француз боксшы да кәсіби рингте жеңілмеген.

Бірінші раундтың аяғында қазақстандық чемпионның келесі күшті соққысы қарсыласына дөп тиіп, ол канвасқа түсті. Судья нокдаун санады, содан кейін раундтың соңын білдіретін гонг соғылды.

Үшінші раундқа қарай рингтегі жағдай теңесіп, Нгамиссен бірнеше қауіпті контратака жасады. Алайда бесінші раундта Әлімханұлы қарсыласын толықтай нокаутқа жіберді.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу