Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Айта кетейік, бұл заң жобасы әзірленіп, Мәжілісте талқыланғаннан бері қоғамда үлкен шу болған. Жуырда Сенат заң жобасына бірқатар түзетулерін енгізіп, Мәжіліске қайтарған болатын.
Мәжіліс Сенат заңның негізгі мазмұнын өзгертпей, ұйымдастыруға ғана қатысты түзетулер ұсынғанын мәлімдеген еді.
Ақорда хабардағандай, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.