freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Саясат
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі. 

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтаған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу