freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді

Қоғам
Тоқаев: Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтті. 

Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады.

Қазақстан:

экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;

биоалуантүрлілікті қорғау;

тозған жерлерді қалпына келтіру;

су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;

су үнемдеу саясатын енгізу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды.

Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз.

Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз»,-деді Қ.Тоқаев. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу