Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды

Саясат
Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу