Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді

Саясат
Тоқаев Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. 

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне Тоқаевтан басқа тағы бес президент қатысады.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барған еді. Өзбекстанда президент Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Президент қазақ-өзбек шекарасында ашылатын Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы өзара сауданы дамытуға соны серпін беретініне тоқталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу