freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Оқиға
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
https://x.com/NASA

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті. Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, NASA-ның «Артемида-2» миссиясы аясында Айды айналып ұшқан «Орион» ғарыш кемесі Калифорния жағалауы маңындағы Тынық мұхитына сәтті қонды. 

Қону сәтінің тікелей эфирін NASA-ның YouTube арнасында үш миллионнан астам адам тамашалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу