Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Саясат
Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Кашмирдің Үндістан бақылайтын бөлігіндегі курортта қарулы содырлар туристерге оқ жаудырды.

Қару ұстаған төртке жуық содыр адамдарға жақын қашықтықтан оқ атқан. Соңғы деректер бойынша, 27 адам қаза тауып, 12 адам жараланған, олардың көбі ауыр халде.

Үнді билігі бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп танып, жауапкершілікті Үндістан билігіне қарсы күрес жүргізіп жүрген содырларға жүктеді.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу