Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Қоғам
Тоқаев химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта өткен химиядан 56-шы Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Еліміздің құрама командасы үшінші жыл қатарынан осынау беделді турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізгені қуантады. Биыл сіздер екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, білім деңгейлеріңіздің өте жоғары екенін көрсеттіңіздер. Осы арқылы отандық білім беру саласының халықаралық ғылымдағы беделі зор әрі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер. Бұл ретте ұстаздар мен ата-аналардың сіңірген еңбегі ерен. Сіздердің жеңістеріңіз еліміздің дамуына қызмет ететін кәсіби жетістіктерге ұласатынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы жас дарын иелерінің алдағы уақытта да білімнің биік шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдірд

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу