Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төрт айда 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілген  

Экономика
Төрт айда 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілген  

2021 жылы Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлініпті. Оның 12,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен болса, қалған 955,7 млн теңгесі жергілікті бюджеттен.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бекмұратовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері 34 862 отбасыға (172 089 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 4,8 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген.

 

Сондай-ақ, 1-6 жас аралығындағы 34 193 баланы кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге 2021 жылға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге қарастырылыпты.  І тоқсанда аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік топтамамен қамту бойынша 57 346 бала азық-түлікпен қамтамасыз етілген екен. Жалпы атаулы көмек түрі азаматтардың аяққа тұрып кетуі үшін беріледі, тұрақты түрде көрсетілмейді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу