Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Газа бойынша келісімге қол қою үшін Мысырға барады

Әлем
Трамп Газа бойынша келісімге қол қою үшін Мысырға барады

АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қою үшін Мысырға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz NBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы америкалық лидер 9 қазан, бейсенбі күні Ақ үйде өткен министрлер кабинетінің отырысы барысында айтты.

«Мен сол жаққа баруға тырысамын. Біз дәл уақытын анықтап жатырмыз, – деді ол. – Біз Мысырға барамыз, онда қол қою рәсімі өтеді. Бұл қосымша рәсім болмақ, өйткені бұған дейін де бір рет қол қойылған еді», – деді Трамп.

Оның айтуынша, Газадағы тұтқындарды дүйсенбі немесе сейсенбі күні босату жоспарланып отыр.

«Өткен түні біз Таяу Шығыста тарихи серпіліске қол жеткіздік — көпшілігі мүмкін емес деп санаған жетістікке жеттік. Біз Газадағы соғысты тоқтаттық… және қалған барлық тұтқындардың босатылуын қамтамасыз еттік», – деп келтіреді АҚШ президентінің сөзін Ақ үйдің Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.

Фото: x.com/whitehouse

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу