АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылық білдірушілерді елдегі мемлекеттік мекемелерді басып алуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
АҚШ президенті Ирандағы наразылық білдірушілерге үндеу жариялап, «өлтірушілер мен зорлықшылардың аттарын есте сақтауға» шақырды және «көмек жолда келе жатқанын» мәлімдеді.
«Ирандық патриоттар, наразылықты жалғастырыңыздар — мемлекеттік мекемелеріңізді басып алыңыздар!!! Өлтірушілер мен зорлықшылардың есімдерін сақтаңыздар. Олар ауыр жазаға тартылады, - деді ол.
Еске салсақ, Ирандағы қақтығыстарда кемінде 648 адам қаза тапты деген мәлімет тараған еді.