freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Ормуз бұғазында «азат ету операциясы» басталғанын мәлімдеді

Саясат
Трамп Ормуз бұғазында «азат ету операциясы» басталғанын мәлімдеді
Navy Times

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазында арнайы операция басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, АҚШ Таяу Шығыс уақыты бойынша дүйсенбі күні таңертең осы аймақта қалып қойған кемелерді қауіпсіз алып шығу жұмыстарын бастайды.

Трамп бұл шешімге «әлемнің көптеген елі» өз кемелерін бұғаздан өткізуге көмектесуді сұрап жүгінгеннен кейін келгенін атап өтті. Оның сөзінше, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс салдарынан бірқатар елдің кемелері Ормуз бұғазында тұрып қалған.

«Иранның, Таяу Шығыстың және АҚШ-тың игілігі үшін біз бұл елдердің кемелерін қауіпсіз түрде өткізуге мүмкіндік береміз. Осылайша олар өз қызметін толық жалғастыра алады», – деді АҚШ басшысы.

Аталған операция Project Freedom («Еркіндік» жобасы) атауымен іске қосылып, аймақтағы теңіз қозғалысын қалпына келтіруге бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу