Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Түбіме жететін шығар". Актриса Дариға Бадықова оқырмандарына жан сырын ақтарды

Шоу-бизнес
"Түбіме жететін шығар". Актриса Дариға Бадықова оқырмандарына жан сырын ақтарды

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова Instagram парақшасында жастық шағын еске алып, ағынан жарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Актриса жас кезінен оқу-білімге құштар болғанын және мақсатына жетпей қоймайтын өжет мінезі туралы айтып берді.

"Мен жалпы өжет болып өстім. Өзіме керекті нәрсені білетінмін. 2 курстан бастап, театрда жұмыс істедім... Парижге барып, есімнен танғанмын. Себебі көп нәрсе білгім келген. Қайтқым келмей, ешкімге білдірмей жылағанмын. 
Тік сөйлейтінім, сезгіштігім түбіме жететін шығар", - деп жазды өнер иесі.

Өзін аңқау деп ойлайтын жандарға жауап берді.

"Дариға аңқау деп ойлайды. Ақкөңілділігіммен шатастырады. Мені алдау мүмкін емес! Кеудем қысып, көп нәрсені біліп қоямын. Менің бір әдетім бар - қырсық адамдарға еш уақытта жоламайтын және жолатпайтын. Оны да сезіп қоям, айнала қашам.  Адамдарға құшағымды айқара ашып, таяқ жеп қалатыным бар!" - деп жазды ол.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу