Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Айманов

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914 жылы 15 ақпан – 1970 жылы 23 желтоқсан) – қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылы КСРО-ның халық артісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Malim Админ

  • 07.10.2024

Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Мәскеу қаласында қайтыс болып, Алматы қаласында жерленді.

Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.

 Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

 1947 – 51 жылы қазіргі Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

 Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Байланысты жаналықтар

Ақан Сатаевтың "Боксер" фильмін көрген соң

22.12.2021

Қазақтың Тайлағы киноға қалай келді?

19.01.2021

Тақиялы періште дүниеден озды

19.01.2021
MalimBlocks
Ақан Сатаевтың "Боксер" фильмін көрген соң

Менің осы жазған шағын диалогым «Боксер» фильміндегі барлық диалогтардан әлдеқайда қақтығысты, әлдеқайда шымыр.

Қазақтың Тайлағы киноға қалай келді?

Тақиялы періште дүниеден озды