Түркіменнің ұлы ойшылы Мақтымқұлы

Мақтымқұлы Пырағлы (лақап аты – Фрағи) –18 ғ-да өмір сүрген түрікмен халқының классик ақыны. Биыл туғанынан 300 жыл толып отыр. Есімі Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Сағди, Низами, Науаилармен қатар тұратын түрікмен әдебиетінің классигі.

Malim Админ

  • 16.10.2024

Түркменнің әйгілі ақыны Кеминенің: «Мақтымқұлы ақындық аймақтың астығын түгел орып кетті, біз содан қалған бірді-екілі масақты терушілер ғанамыз», – деген сөздерінен-ақ ақынға деген сүйіспеншілігін, оның талантына деген ерекше ілтипат ықыласты анық көруге болады.

Ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқыған. Мақтымқұлы 1724 жылы Геркез ауылында дүниеге келген. Әкесі Довлетмамед Азади тек қана түрікмен еліне емес, бүкіл шығысқа танымал ақын боған.Мақтымқұлы әкесінен көп үйренеді, хат танып, ерте есейеді. Мақтымқұлы өмірдің ауыртпашылықтарын көп көреді. Өз өлендерінің қолжазбасын шапқыншылық кезінде жоғалтады.

Ақын өлендерінің тақырыбы әр алуан. Онда батырлықты мадақтаған жырларда, шығыс үлгісіндегі дидактикалық сарындар да, ескі аңыздар сюжетіне жазылған шығармалар мен табиғатты, адал махаббатты ардақтайтын лирика да мол кездеседі. Ақын түрікмен руларының өзара жауласушылығын аяусыз шенеп, оларды үнемі бірлікке шақырып отырған. Ол елін сүйген, елі сүйген патриот. «Ердің ерлігі еріменен» деген идея оның өлеңдерінде жиі ұшырасады. Ел бастар батыр ұлдарды, олардың елімен ынтымағын ақын сүйсіне жырлаған.

Оның шығармаларында елдің тәуелсіздігін сақтау үшін тек бірліктің жеткіліксіздігі, ерлік пен батырлық дәстүрді берік сақтау қажеттігі қозғалады. Осыдан барып оның шығармаларының басты кейіпкері-ел үшін еңіреген ердің жаңа образымен толысады. Мұндай жігіттің бейнесінен ақын бірсөзділікті, табандылықты, елін қорғау үшін әрқашан даяр батырлықты көрсетеді

Мақтымқұлы шығармалары қазақ тілінде («Таңдамалы өлеңдер», 1947; «Таңдамалы өлеңдер», 1959; «Өлеңдер», 1968) бірнеше рет жеке жинақ болып жарық көрді. Мақтымқұлы мен Абай поэзияларында біріне-бірі етене жақын сарындар мен әуендер жиі көздесіп отырады. Екеуіде елбірлігін, адамдар арасындағы татулықты, ынтымақты айрықша қастерлеген.