Ұлы классик – Мұхтар Әуезов

Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері туралы сөз қоғағанда, ең алдымен ауызға ілінер есім – Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961). Оның қаламынан туған бірегей туындылар қазақ әдебиетінің жауһар үлгілері саналады. «Абай жолы» эпопеясының авторы ғұмырында қазақ руханияты мен мәдениетінің әр саласында өлшеусіз еңбек етті.

Malim Админ

  • 28.08.2024

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткерi, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, еңбек сiңiрген ғылым қайраткерi, ҚазКСР Ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Омарханұлы қазіргі Абай облысы Абай ауданы Аяққараған деген жерде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, атасы Әуездің тәрбиесінде болған. Әуез ақсақал болашақ жазушының сауатын ашып, түрлі аңыз-әңгімелер мен тарихи оқиғаларды санасына құяды. Өзінің айтуынша, бала кезінде атасымен еріп, Абайдың үйіне барған, Абайдың бала санасындағы бейнесі кейін «Абай жолын» жазуына үлкен ықпал еткен. Ал әжесі немересіне 4 жасынан бастап Абайдың өлеңдерін жаттатқан.

Алғаш білім алу жолын ауыл мектебінен бастаған, кейін Семейдегі Қамалиддин медересесінен әптиек тауысып, діни білім алған. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс-қазақ училищесіне қабылданып, орыс тілі мен әдебиетінен сусындаған. Осы мектептің соңғы класында «Дауыл» деген алғашқы әңгімесін жазады.

1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Осы жерде оқып жүріп, Шәкәрімнің дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, 1917 жылы Ойқұдық деген жерде сахналайды.

Осы кезде ол Алашорданың танымал тұлғаларымен танысады. Қазақ прозасының хас шебері, Алашорда өкілі Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп, «Қазақтың өзгеше мінездері» атты алғашқы мақаласын жазып, «Алаш» газетіне шығарады. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпықазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Сол жылы Семейде Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп, «Абай» журналын шығарады. Осы кезден бастап еліміздегі түрлі басылымдардың шығуына мұрындық болады.

Ол 1921 жылы «Қорғансыздың күні» («Қызыл Қазақстан» журналы) әңгімесін жариялады. 1922 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі, сол қалада жүріп «Шолпан», «Сана» журналдарын шығаруға белсене кіріседі. «Қыр әңгімелері», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Кім кінәлі?», «Заман еркесі» атты әңгімелері осы жылдары жазылып, жоғарыдағы журналдарға басылған.

1923 жылы маусымда Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөлімінде оқиды. 1924-25 жылдары Семейдегі өзі оқыған мұғалымдер техникумында оқытушы болды. Осында жүріп, «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. М. Әуезовтың ғылым жолына түскен кезі 1926 жылы еді. Осы жылы Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, материалдар жинайды. Сол жинаған материалдары негізінде «Әдебиет тарихы» атты тұңғыш монографиясын жариялады. 1927 жылы Ілияс Жансүгіровпенн бірге болашақ шығармаларына көп дерек жинады. Жетісудың тарихы мен онда өткен адамдардың өмірін жіті зерттеп, 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің куәгерлерімен жолығып, өзінің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан кене» пьесасын жазды.

1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды, әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігіне қатысты. Осы жылдан бастап «Абай» романын жазуды қолға алды. 1941 жылы роман жазылып бітіп, 1942 жылы жарық көрді. Романның жариялануы қазақ мәдениетінде үлкен резонанс тудырды. Түрлі талқылаулар өтіп, романды сынаушылар көбейді. Көп өтпей романның өзге томдары жарық көрді.

1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесi болып сайланады. «Үйлену», «Оқыған азамат», «Жетiм», «Заман еркесi» әңгiмелерi, «Еңлiк-Кебек», «Хан Кене», «Түнгi сарын», «Қарагөз», «Бәйбiше-тоқал» т.б атты пьесалардың авторы.

Әуезовтың қаламынан туған «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетiнiң таңдаулы туындыларының бiрi.  

Ол өз өмірінде бірнеше рет тұтқындалып, түрлі қуғын-сүргінді бастан кешті. Алашорда ардақтыларымен байланысы болғаны үшін, үнемі артында аңдушы жүрді.

Ұлы жазушы 1961 жылы жиырма жетiншi маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болады. Оның өлімінің сыры толық ашылған жоқ. Операция үстелінде көз жұмған классиктің өшпес рухы, өлмес туындылары – қазақ ұлтының ерен байлығы.

Байланысты жаналықтар

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

29.09.2024

«Абай жолы» ұлы шығарма емес – журналист

15.05.2024

М.Әуезов және Ғ.Мүсірепов: ұстанымдағы қайшылықтар (I)

24.12.2021

Сафуан Шаймерденовтің жары Бағдат апа дүниеден озды

06.03.2021

28 қыркүйек – Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей мен Шерхан Мұртазаның туған күні

28.09.2020

«АБАЙ БОЛМАҒАН» ДЕГЕН НЕ СҰМДЫҚ!  

23.07.2020
MalimBlocks
Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

Ескерткіш «Қаллеки» театрының алдына қойылды

«Абай жолы» ұлы шығарма емес – журналист

Ол Мұхтар Әуезовтің туындысын неліктен ұлы шығарма деп санамайтынын түсіндірді.

М.Әуезов және Ғ.Мүсірепов: ұстанымдағы қайшылықтар (I)

1961 жылдың жазында Мәскеуде Мұқаң өмірден озды. Ұлы жазушыны елге алып қайтуға барған топтың арасында Ғабаң да бар-тын. Қандай оймен қайтты екен?..

Сафуан Шаймерденовтің жары Бағдат апа дүниеден озды

28 қыркүйек – Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей мен Шерхан Мұртазаның туған күні

«АБАЙ БОЛМАҒАН» ДЕГЕН НЕ СҰМДЫҚ!