Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тұңғыш рет ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды

Мәдениет
Тұңғыш рет ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды

Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы салтанатты іс-шара өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші ғалым әйелдер қатысты.

Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екенін және ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын атап өтті.

Ұлттық ғылым академиясы салтанатты жиында Құрмет грамоталарымен марапатталған ғалым-әйелдердің еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу