Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тұрғынды боқтаған тағы бір әкім жазаланды

Қоғам
Тұрғынды боқтаған тағы бір әкім жазаланды

Павлодар облысы Успен ауданында Новопокров ауылдық округінің әкімі полиция бөлімінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде сабырын сақтай алмай, балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды. Ол айыппұл төлеп, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің этика кеңесінде қаралды, деп хабарлайды Malim.kz агенттігі IrbisTV.kz-ке сілтеме жасап.

Этика кеңесінде әкім Вячеслав Симоненко өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары күндіз-түні мотоцикл айдап, тыныштық бермейтін жастарға жиі шағымданады. Тамыз айында полицейлермен бірлесіп жүргізілген рейд кезінде бірнеше жүргізуші ұсталып, біреуі қашып кеткен. Кейін ол табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Сол жерде әкім де болған.

– Мен тек түсіндіру әңгімесін өткізгім келді. Камералардағы жазбалар оның кінәсін дәлелдегенімен, ол мойындамады. «Еш ереже бұзған жоқпын, ауыл ішінде жүрген жоқпын» деп қарсы шықты. Сол сәтте өзімді ұстай алмай, балағаттап жібердім, – деді Вячеслав Симоненко.

2019 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан әкім мотоцикл иелерінің қозғалтқышқа дауысын күшейтетін құрылғы орнатып алғанын айтты. Ол мемлекеттік қызметші ретінде эмоцияға беріліп, шектен шықпау керектігін мойындады.

Этика кеңесі Симоненкоға «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу