freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркия Ресей мен Украина арасында жаңа келісім жасауды ұсынды

Әлем
Түркия Ресей мен Украина арасында жаңа келісім жасауды ұсынды
Фото: Thomas Peter/Reuters

Түркия Ресей мен Украинаға Қара теңіздегі кемелерге жасалатын шабуылдарды тоқтату туралы мораторий келісімін жасауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Анкара өз ұсынысын екі тарапқа да жеткізіп, енді олардың жауабын күтіп отыр. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан 8 тамызда мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркия Мәскеу мен Киевті Қара теңіздегі шабуылдарды тоқтатуға мүмкіндік беретін арнайы тетік құруға шақырған. Фидан бұл мәселені бұған дейін Украина тарапы да көтергенін атап өтті.

«Қара теңіздегі әскери іс-қимылдар азаматтық кеме қатынасы мен коммерциялық тасымалдарға қауіп төндіреді», – деді Түркия СІМ басшысы Anadolu агенттігіне берген сұхбатында.

Министрдің сөзінше, шабуылдарға түрік компанияларына тиесілі кемелер, сондай-ақ түрік иелері немесе Түркия азаматтары экипаж мүшелері бар кемелер де ұшырап жатыр.

«Бұл біз үшін үлкен мәселеге айналуда», – деп атап өтті Хакан Фидан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу