Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

Оқиға
Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

Оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында "Нарымбет ата" мектепке дейінгі мекемесінде болды. Бұл балабақша осы аттас ЖШС-ге тиесілі, ол Теспа ауылында орналасқан, - деп хабарлайды Malim.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Улану салдарынан 26 адам зардап шекті — 24 бала және балабақшаның екі қызметкері.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында санитариялық нормалардың өрескел бұзылған. 

Тамақ өнімдерінен және қызметкерлердің қолынан алынған жағындылардан патогенді микрофлора табылған.

"Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді. Тамақтан улануға тағам дайындау технологиясының бұзылуы, өнімдерді дұрыс сақтамау және қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтамауы себеп болған", — деп хабарлады санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Фото: Kazinform; DALL-E

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу