Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында кәсіпкер жердің құнарлы қабатын сыдырып алған

Құқық
Түркістан облысында кәсіпкер жердің құнарлы қабатын сыдырып алған

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Серіктестік жердің құнарлы қабатын сыдырып алып отырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті жергілікті серіктестікке тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер телімін пайдалану мақсатына қатысты тексеру жүргізген.

Департамент берген заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы серіктестік уақытылы орындамаған.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен серіктестікке тиесілі көлемі 29 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылған.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу