Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында көпір қирады

Оқиға
Түркістан облысында көпір қирады
Фото: видеодан кадр

Қошқарата ауылдық округі аумағындағы Келес өзені арқылы өтетін көпірдің құлауына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құдай сақтағанда, төтенше оқиғаға дейін Келес аудандық әкімдігі қам жасап үлгерген. Атап айтқанда, күндіз ғана көпірді жауып, баламалы жолдарды айқындаған.

Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алпамыс батыр және Біртілек ауылдық округтері арқылы өтетін 10–15 шақырымдық айналма жол қаралды. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы осы балама бағыт арқылы жүзеге асырылуда. Жол белгілері орнатылып, тиісті қызметтер тарапынан бақылау күшейтілді. Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген айналма жолды пайдалануды сұраймыз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу