freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында немересі әжесін тонаған

Оқиға
Түркістан облысында немересі әжесін тонаған
Фото: policia.kz

Түркістан облысында жас жігіт өз әжесін тонап, оның жинаған 3 млн теңгесі мен алтын зергерлік бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, Сауран ауданында зейнеткер полицияға пәтеріне ұры түскенін айтып, арызданған. Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің немересі болып шықты.

"Жас жігіт ересектердің үйде жоқтығын пайдаланып, күндізгі уақытта пәтерге кіріп, жатын бөлмедегі сейфті бұзып, 3 млн теңге мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Жалпы материалдық шығын шамамен 7 млн теңгені құрады. Күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды сауда нүктелерінің біріне өткізген", делінген 2026 жылдың 16 ақпанында жарияланған басылым ақпаратында.

Барлық қажетті процессуальды шаралар заңға сәйкес жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу